Абай облысында «Әділет» партиясының өкілдері зауыт ұжымымен кездесіп, Президент Жолдауын түсіндірді

Жаңа жұмыс орындары, автобус өндірісін дамыту. Абай облысының экономикалық әлеуеті Семейде талқыланды. «Әділет» партиясының өкілдері «Daewoo Bus Kazakhstan» зауытының ұжымымен жүздесіп, Президент Жолдауының басымдықтарын түсіндірді. Жиында көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жергілікті өндірушілерді қолдау шаралары да назардан тыс қалмады.

АЛМАС ӘДІЛБЕКОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, «KZ ЛОГИСТИКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Бақты – Аягөз» теміржолы салынып жатыр. Сол келесі жылы бітіріліп, Құдай қаласа іске қосылып жатса, елімізге, ржерімізге, Абай облысына үлкен-үлкен табыстар алып келеді деп сенеміз. Сол бағдарламаларды ары қарай да жүргізуге халықпен кездесіп жатырмыз.