Жетісу облысында 11 жасар қызды экскаватор қағып кетті

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2026

Жетісу облысында 11 жасар қызды экскаватор қағып кетті. Қайғылы оқиға Текелі қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы доңғалақты экскаватордың жүргізушісі қиылыстан өту кезінде жаяу жүргіншілер жолағымен келе жатқан баланы байқамай қалған. Ауыр жарақат алған жеткіншек сол жерде көз жұмды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.