Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2026

Жамбыл облысында атыс болып төрт адам жарақат алды. Қарулы қақтығыс   Байзақ ауданында болған. Бурыл ауылының тұрғыны танысына телефон сатып, ақшасын уақытылы ала алмаған көрінеді. Берешегін талап ету үшін достарымен бірге барыпты. Қос тарап сөзге келіспей арты ерегеске ұласқан. Сол сәтте келгендерге суық қару кезенген борышкер бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан 4 адам жарақат алды.  Біреуіне ғана дәрігерлік көмек көрсетілген, кейін, үйіне қайтарылған. 

БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жалғасуда.