Елде автожол құрылысы қарқынды. Қазір Арал өңірінен Каспий жағалауына дейін баратын жаңа магистраль салынып жатыр. Жобаның құны шамамен 800 млрд теңге. Жұмысты 2028 жылы аяқтау жоспарланған. Арал–Каспий жобасымен қатар, Қызылорда мен Ақтөбе қалаларын байланыстыратын тағы бір ірі күрежол қолға алынған. Ол үш учаскеден тұрады: Қызылорда–Сексеуіл, Сексеуіл–Ұлғайсын және Ұлғайсын–Ақтөбе. Ұзындығы - 1 200 шақырым, құны 2,2 трлн теңгеге жуық. Екі ірі жоба да Үкіметтің бақылауында.