Қызылордада халықаралық стандарттарға сай келетін спорт кешені салынуда

Енді қызылордалық жас өрендер заман талабына сай, соңғы үлгіде жабдықталған спорт залында жаттыға алады. «Қызылорда арена» кешенінде халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге де жағдай жасалады дейді мамандар. Қазір нысан басында құрылыс қарқын алған. Құны 20 млрд теңге болатын  жобаның 90 проценті аяқталды. Бұл - аймақ спортын жаңа деңгейге көтеретін маңызды бастама. Сонымен қатар кәсіби спортшылардың дайындығына және бұқаралық спортты дамытуға жол ашпақ.

МАРАТ МЫРЗАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің басқармамамен 2025 жылы тапсырысшы болып табылып, басталған болатын. Бұл арена 9 блоктан тұрады. Стандартқа сай үлкен бассейні бар. Кіші шағын футбол алаңығ баскетбол, болейбол алаңдары бар. Одан бөлек 150 адамға арналған конферент залы да бар.