Астанада Батыс Қазақстан облысында 1003 жүк көлігін шекарадан кедергісіз өткізу үшін 100 миллион теңге пара алу ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Сот БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасы басшысының бұрынғы міндетін атқарушы Р.-ны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Ресейден Қазақстанға өтетін жүк көліктеріне кедергісіз жол ашқаны және кәсіпкерлерге шектеулерді айналып өтуге көмектескені үшін пара алуға келіскен.
Ал парақорлыққа делдал болған К. көрсеткен қызметі үшін 24,8 миллион теңге алған. Ол 1 жыл 6 айға сотталды.
Екі сотталушының да мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.