Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалланы қарсы алды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Салтанатты рәсім аясында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.