«Қазгидромет» 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Astana TV.
Астанада күн құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +10...+12 градус болады.
Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +15...+17 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +21...+23 градус болады.
Ақтауда күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +10...+12 градус болады.
Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -1...-3, күндіз +3...+5 градус болады.
Атырауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2, күндіз +7...+9 градус болады.
Жезқазғанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4, күндіз +12...+14 градус болады.
Қарағандыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3, күндіз +11...+13 градус болады.
Көкшетауда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге, кей уақыттарда 23–28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады.
Қонаевта күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +14...+16 градус болады.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +4...+6 градус шамасында болады.
Қызылордада күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градус болады.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +9...+11 градус болады.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр, екпіні 23–28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +7...+9 градус болады.
Семейде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +8...+10 градус болады.
Талдықорғанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5, күндіз +15...+17 градус болады.
Таразда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +22...+24 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +18...+20 градус болады.
Оралда күн құбылмалы, жаңбыр аралас қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +3...+5 градус болады.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +6...+8 градус болады.