Астанада халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Ақаба процесінің саммиті өтті

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2026

Астанада халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Ақаба процесінің саммиті өтті.  Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн және Орталық Азия елдерінің басшылары мен өзге де ресми тұлғалар қатысты. 2015 жылы құрылған бұл алаң терроризм, экстремизм және трансшекаралық қылмысқа қарсы күресте мемлекеттердің күш біріктіруін көздейді. Саммиттің басты ерекшелігі – елдердің арнайы қызметтері мен әскери ведомстволары арасында жедел тәжірибе және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Биылғы басқосудың негізгі тақырыбы – жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік. Қатысушылар жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен қатар, оларды заңсыз мақсатта пайдаланудың алдын алу жолдарын талқылады.