«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, республикалық маңызы бар үш автожолда орташа жылдамдықты бақылайтын алты аймақ іске қосылады, деп хабарлайды Astana TV.
Бақылау енгізілетін бағыттар:
1. Алматы – Қорғас (жаңартылды)
Ұйғыр – Панфилов аймағы – 50+832 км, рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ.
2. Қарағанды – Бұрылбайтал
Шұбартүбек – Гүлшат аймағы – 42+158 км, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
Гүлшат – Тасарал аймағы – 42+550 км, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
3. Қызылорда – Арал
Ақжарма – Ақжар аймағы – 48+239 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
Ақжар – 103-разъезд аймағы – 122+421 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
103-разъезд – Әйтеке би аймағы – 95+871 км, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
Жүйенің басты ерекшелігі – көлік жылдамдығы тек камера орнатылған жерде емес, бүкіл бақылау аймағында есептеледі.