Жас келіншекті өлтіріп кетті

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2026

Ақтөбеде Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйлердің бірінде 26 жастағы келіншек кісі қолынан қаза тапты. Күдікті-  бұрынғы күйеуі. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйелді қылғындырып өлтірген. Марқұмның артында 4 жасар баласы қалды. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Күдікті қамауға алынды. 

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдын ала мәлімет бойынша қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан орын алған. Бұл ретте буған дейін полицияға аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжалдар болғаны туралы ешқандай арыз-шағым мен хабарламалар түспеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.