Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты. Жылыту маусымы басталғалы жағдай одан сайын күрделенген. Қала тұрғындары ауа сапасына шағымданып, әлеуметтік желіде қосымшалардың ластану деңгейін жоғары көрсетіп тұрғанын жариялап жатыр.
БЛИЦ-САУАЛНАМА
-Бүгін терезелерді жауып, бар болса, ауа тазартқышты қосқан дұрыс.
-Алматы, біз күн сайын не үшін жұмыс істеп, ақша тауып, болашаққа жоспар құрамыз? Біздің ауамен тыныстауымыздың өзі өзімізге және балаларымызға зиян. Датчиктердің деректеріне сүйенсек, өткен аптада тұмшаның салдарынан әрқайсымыз, баладан бастап қарттарға дейін шамамен бір қорап темекі шеккендей зиянды зат жұтқанбыз.-Бұл қандай сұмдық?! Өз қаламды жақсы көремін, бірақ тұмша шаршатты. Балаларым осындай ауамен тыныстап жүргені жаныма батады.
Сондай-ақ, Алматы әлемде ауасы ең лас қалалар тізімінде төртінші орынға көтерілген. Мамандар зерттеуінше, шаһарда ауадағы зиянды ұсақ бөлшектердің мөлшері белгіленген нормадан екі еседен астам, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден бес есе асып кеткен.
ALMATY AIR INITIATIVE ҚОРЫ:
Соңғы күндері жағдай біршама нашарлады. Мониторинг желіміздің жедел деректері бойынша, 1 қарашада денсаулыққа ең қауіпті ауа ластағыштарының бірі саналатын ұсақ бөлшектедің орташа тәуліктік концентрациясы 77,5 микрограммға жетті. Бұл Қазақстанда белгіленген орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациядан екі есе, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тәуліктік деңгейден 5 есе көп.