Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінің жұмысымен танысты. Кездесуде президенттік реформалар, олардың жастар әлеуетін ашудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ Ерлан Қошанов пен Кеңес мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесіп, аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Қуатты, әділетті өркениетті Қазақстан құру. Келер ұрпаққа іргесі берік, болашағы баянды ел қалдыру. Өйткені елдің ең асыл байлығы – білімді ұрпақ, биік рухты, парасатты азамат.