Жаңа технологияны табыс көзіне айналдыру жолдары талқыланды

Сапалы білім беру, мұғалім еңбегін құрметтеу, ауыл өмірі мен өңірдің даму перспективалары. Осы және басқа да өзекті мәселелер Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде өткен кездесуде талқыланды. Қоғам қайраткерлері, белсенділер мен «Әділет» партиясының өкілдері оқу орнының ұжымымен кездесіп, елдегі реформалардың азаматтардың күнделікті өміріне қалай әсер етіп жатқаны туралы пікір алмасты. Әрі  Мемлекет басшысының Жолдауын талқылап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.  Сондай-ақ кездесу барысында цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Жастар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, жаңа технологияны табыс көзіне айналдыруға ерекше назар аударылды.

БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін студенттермен өткен кездесуде цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аудардық. Біздің мақсатымыз – ұялы телефонды тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, еңбек етіп, табыс табуға мүмкіндік беретін құрал ретінде пайдалану. Яғни, бүгінгі таңда ауылда немесе қалада тұратынына қарамастан, әрбір тұрғын мемлекеттік қызметтерді алуға қол жеткізіп қана қоймай, ұялы телефон арқылы кәсіби қызметпен айналысып, табыс табу мүмкіндігіне ие болуы керек.