Ақтөбеде жаңа музыкалық-драма театр салынып жатыр

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2026

Ақтөбеде жаңа музыкалық-драма театр салынып жатыр.  Нысан өңірдегі ең ірі мәдениет ордасына айналмақ.Құрылыс жұмыстары былтыр басталды. Театр 700 көрерменге лайықталған. 3 қабатты ғимаратта үлкен және кіші көрермен залдары, заманауи дайындық бөлмелері, оркестр шұңқыры мен үлкен сахна болады. Ал театр жанында саябақ салынады. Қазір бұл жоба аясында 120 адам жұмыс істеуде.

ЖАРАС ЖЫЛҚЫБАЙҰЛЫ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгінгі күні құрылыс бойынша 50 пайыздан жоғары жұмыстар орындалып жатыр.Қазір зданиенің бүкіл қабырғасын көтердік, Қазір мына кровля жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және де мына сыртқы витраж, остекление дейін, сол жұмыстарын бастап жатырмыз.Инженерлік сетьтер, сыртқы инженерлік ішкі инженерлік сетьтер жұмыстары жүріп жатыр.