Алматыда бір көше уақытша жабылады

фото: pixabay

7-12 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Astana TV. 

Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (БАКАД) дейін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.