Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті шығарып салды

Фото: Ақорда

Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.