Алматыда өрт шыққан ғимараттан 7 газ баллоны шығарылды

Фото: pixabay

Алматыда құтқарушылар өрт шыққан ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты

Түнде Алматы қаласының Түрксіб ауданында бір қабатты асхана ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Рихард Зорге көшесіндегі өрт туралы хабар «112» шұғыл қызметінің пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимарат ішінен жеті газ баллонын алып шықты. Оның бесеуінің көлемі 50 литрден, ал екеуінің көлемі 20 литрден болған. Осылайша ықтимал қосымша қауіптердің алдын алды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.