Алматыда автокөліктің қозғалтқышынан өрт шықты

Фото: скриншот

Алматыда ТЖМ құтқарушылары жеңіл автокөліктегі өртті сөндірді

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Фариза Оңғарсынова көшесінде жеңіл автокөліктің қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер ауа-механикалық көбік қолданып, өртті аз аумақта сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.