Бесінші қабаттағы пәтер өртенді

фото скрин

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды құтқарды

Астана қаласының «112» пультіне Алматы ауданындағы Р. Қошқарбаев даңғылында орналасқан пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Astana TV.

ТЖМ алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде алты қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде үй заттары жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру барысында ТЖМ күштері 25 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды.

Өрт толықтай сөндірілді.

ТЖМ ескертеді: өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.