Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды Astana TV.
Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.