Есіл өзенінен 10 күнде екінші мәйіт табылды. Бұған дейін 54 жастағы адамның денесі су бетіне шыққан. Ал «Kolsai» тұрғын үй кешенінің маңында тіркелген қайғылы оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, марқұмның 56 жастағы ер адам екені анықталды.
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.