Алматылықтар бүгін әдеттегі кептелістен де үлкен тығырыққа тап болды. Метродағы "Оңай" төлем жүйесі істеп шығып, жолаушылар абдырап қалды. Таңертең турникеттер алдында ұзын-сонар кезек болып, тұрғындар үйден ерте шыққанымен жұмысқа жете алмай, желіге жарыса жазып, шағымданды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
-Бүгін төлем QR -ы жұмыс істемеді. Метро қызметкерлері шығып, қалай төлеуге болатынын түсіндірмеді де.
-Адамдар бір-бірін итеріп қатты қысқанда ауа жетпей құлап қала жаздадым. Егер біреу құласа аяқтың астында қалары анық.
Метрополитен келеңсіздіктің себебін түсіндірді. Оңай жолақысын төлеу жүйесі уақытша істен шығып, станцияларға кіру кезінде кедергі болыпты. {СНХ НА ГРАФИКА}
«АЛМАТЫ МЕТРОПОЛИТЕНІ» КМК:
Сағат 06:30-дан бастап барлық станцияларда "Оңай" жүйесінің QR-коды арқылы төлем жасау уақытша істемеген. Бұл ретте төлемнің басқа тәсілдері штаттық режимде жұмыс істеді. Жолаушылар "Оңай" көлік карталарын, банк карталарын, Apple Pay, Samsung Pay және қағаз QR-билеттерін кедергісіз пайдалана алды.