Көлік апатына түскен сәби өлім аузында жатыр

Ақмола облысында жол-көлік апатынан ауыр жарақат алған сәби өлім аузында жатыр. Дүниеге келгеніне 4-ақ күн болған нәресте жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның өкпесіне жасанды желдету аппаратын қосқан. Айта кетейік, апат Астана - Петропавловск тас жолында болған. Көкшетау қаласына жақын маңда Volvo жүк көлігі мен Hyundai Genesis және Lada Granta маркалы екі жеңіл көлік соқтығысқан. Зардап шеккендердің арасында нәрестеден бөлек 5 адам бар. Құқыққорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

"Нәрестенің жағдайы ауыр. Екінші бала түрлі жарақат алған. Сонымен бірге, облыстық ауруханаға екі ересек адам түскен. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр, оның жарақаты ауыр, денесі көгеріп, сүйектері сынған. Екінші науқас травматология бөлімінде ем алып жатыр. Тағы бір пациентке амбулаториялық ем тағайындалды. Ал бір адам ауруханаға жатудан бас тартты".