Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән берген жөн. Президент Жолдауда жүктеген міндеттерді Құрылтай депутаттары шаруалармен талқылауда. Бұл жолы Жамбыл облысында болып, агросала өкілдерімен кездесті.
Құрылтай депутаттары мен аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының мамандары дөңгелес үстел басында бас қосты. Жиында шаруаларды қаржылай қолдау, жеңілдетілген несие беру және көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қаражат мәселесі сөз болды. Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған тапсырмалар кеңінен талқыланды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге басымдық беру бағытында алдағы үш жылда елімізде 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Кәсіпорындар бидай, жүгері, арпа және қант қызылшасы секілді өнімдерді терең өңдеуге бағытталады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән берген жөн. Қазірдің өзінде бұл бағытта табысты жобалар бар. Мәселен, Қызылорда облысының шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оны өңдеумен айналысады. Ал Түркістан облысында қытай компаниясы суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластерін құрып жатыр. Үкімет осындай озық тәжірибелердің ел аумағында кең тарауына жағдай жасап, инвесторларға уақтылы қолдау көрсетуі керек.
Ал Жамбылда биыл жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. Қытайлық инвесторлар салған зауыт жылына 500 мың тонна жүгері шикізаттын өңдейді. Келешекте өндіріс қуатын арттырып бұл көрсеткішті 3 миллион тоннаға дейін жеткізу межесі тұр екен. Құрылтай депутаты бұдан бөлек Әулие ата аймағына жылына 1 миллион тонна қант қызылшасын өңдейтін жаңа зауыт құрылысы бой көтереді деп отыр.
ӘБІЛҚАЙЫР ТАМАБЕК, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Президент жалпы терең өңдеуге бағыт алыңдар деді ғой қазіргі таңда «Чорум шекер» деген Туркиялық компаниямен осы Жамбыл облысында жаңа қант зауытының құрылысын бастау туралы жобалық сметалық құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы 1-2 айдың көлемінде Жамбыл облысына компанияның филиалын ашады. Одан кейін Келесі жылдан бастап қант зауытының құрылысымен жұмыстарды бастайды.
Су жаңа қант зауытына қажетті қаржы көзіде шешімін тауып қойған. Сонымен қатыр ауыл шаруашылығына инвестиция тартуға басымдық берілмек. Бұдан бөлек елімізге қазір сүт өңдеу мен ет комбинаттарын салуға жыл сайын 100 миллиард теңге бөлінбек.