Атырауда өнер музейінің ірі үш картинасы жасанды интелект көмегімен жанданды. Өнер туындысын цифрландыру және жаңа технология арқылы насихаттау – көрермен талғамынан шығуға жасалған қадам. Олар «Ақ Жайық», «Каспий маңындағы сарматтар» және Сарайшықтағы Секеркөл аңызына арналған «Аңыз ән» картинкалары. Жәдігер жанындағы кьюар код арқылы картинка дереу «тіріліп», қозғалысқа енеді. Кейіпкерлерге тіл бітіп, суретшінің туынды арқылы айтар ойын жеткізеді. Әзірге қазақ тілінде. Болашақта орыс және ағылшын тілінде жасау жоспарланған. Бұл Мемлекет басшысының жолдауында айтылған цифрландыру мен жасанды интелектіні кеңінен енгізу арқылы, музей ісінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады,- дейді музей қызметкерлері.
БИБІНҰР БАЙТУҒАНОВА, Ш.САРИЕВ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСУРЕТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Біздер жиді қолдану арқылы жастардың қызығушылығын арттырамыз. Сондай-ақ цифрландыру бағытында туындыларымыздың қолжетімділігін арттырамыз келушілерге. Біздің музейге Атырау қала халқы емес, қалаға келген қонақтар, шетелдік меймандар көп келеді. Солар да музей туындыларын осындай цифрлық форматта көрсету өте жоғары деңгейде сұранысқа ие.