Жамбылдық студенттер су шаруашылығы саласындағы серпінді қадамдарды талқылады

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2026

Таразда «Әділет» партиясының өкілдері студенттермен кездесіп, Президент жолдауын талқылады. Кездесу Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде өтті. Онда профессор-оқытушылар құрамы мен 60-қа жуық студент жастар қатысты. Жиында Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу туралы сөз болды. Президент Жолдауда озық технологияның болуы жеткіліксіз, оны ел игілігіне жарата алатын білікті мамандар қажет екенін тілге тиек еткен болатын. Сонымен қатар, суармалы егіншілікте су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану қажеттігіне тоқталған еді. Бұл жүйе су қорын есепке алу мен басқарудың тиімділігін арттыруға, су ресурстарын пайдалану кезінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан бүгінде университет қабырғасында білім алып жүрген жастар ертең су ресурстарын басқару, инженерлік инфрақұрылымды дамыту сияқты маңызды салаларда еңбек етеді деген үміт бар. Қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді жүзеге асырудағы жоғары оқу орындарының рөлі жөнінде пікір алмасты. 

НАРИМАН МӘУЛЕНОВ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келесі жылды Құрылыс жылы деп атады. Архитектура фокултетінің студентері екен. Бізге өмірімізге еліміздің өркендеуіне өте маңызды мамандықты бірі. Сондықтан осыларға келіп білімгерлерге келіп елімізді Президентінің жолдауын үгіт-насихат жасадық.