Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте Құрылтай депутаттары Дана Медеуова, Гүлназ Атамқұлова, Евгений Больгерт және Әсел Баденова жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Негізгі тақырып Президенттің 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауының басты міндеттерін түсіндіру болды, деп хабарлайды Astana TV Әділет партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуді депутат Дана Медеуова ашып берді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, білім беру, денсаулық сақтау және балаларды қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Білім сапасы мен халықтың денсаулығы көбіне әрбір отбасының әл-ауқатын анықтайды, ол өз кезегінде еліміздің болашағын айқындайды», – деп атап өтті Дана Медеуова.
Ол денсаулық сақтау жүйесін жүйелі түрде дамыту мен медицина қызметкерлерін қолдаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік бастамалардың тиімділігі ең алдымен нақты нәтижелермен бағалануы тиіс екенін жеткізді.
Қаратал ауданының инфрақұрылымы, өзекті міндеттері мен оны одан әрі дамыту мәселелері жайлы аудан әкімі Ұлан Досымбеков баяндады. Ол Президент Жолдауының маңызына тоқталып, онда көрсетілген басымдықтардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де үлкен маңызға ие екенін айтты.
Экономикалық тұрақтылық, салық саясаты және кәсіпкерліктің рөлі туралы депутат Гүлназ Атамқұлова жан-жақты түсіндірді. Ол салық заңнамасының негізгі ережелері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру принциптерін айқындайтынын, ал аталған қаражаттың бір бөлігі әлеуметтік салаға бағытталатынын жеткізді.
Ал Евгений Больгерт болса, көлік логистикасы мен Қазақстанның транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңызы туралы айтып берді. Ол көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттардың бірі екеніне тоқталды. Еліміздің тиімді географиялық орналасуы Қазақстанның халықаралық сауда бағыттарындағы рөлін нығайтуға және Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдауды кеңейтуге зор мүмкіндіктер ашады.
Депутат Әсел Баденова жасанды интеллектті дамытумәселелеріне тоқталды. Ол Мемлекет басшысыныңжаңа технологиялардың кең мүмкіндіктерінеқарамастан, елімізді дамытудың басты ресурсы адамикапитал болып қала беретіні туралы ұстанымын атапөтіп, заманауи технологияларды ең алдымен оқуға, кәсіби өсуге және өзін-өзі дамытуға пайдалануқажеттігіне назар аударды.
Үштөбе тұрғындарымен кездесу ашық диалогқаұласты. Қатысушылар депутаттарға өздерінтолғандырған сұрақтарын қойып, ойларын ортағасалып, өзекті мәселелерді де көтерді. Әңгімемазмұнды әрі жемісті өтті.
Депутаттар тұрғындарға өздерін мазалағанмәселелерін белсенді көтеріп, өтініштерін жазбашатүрде жолдауға шақырды. Әрбір өтініш қаралып,ресми жауап берілетіні де айтылды.
Мұндай ашық диалог, өзара байланыс және бірлескенжұмыс өз кезегінде қоғамның сұраныстарынтереңірек түсінуге және алға қойылған өзгерістердіңнақты істер мен нәтижелерге ұласуына мүмкіндікбереді.
«Депутат ретінде біз сіздермен тұрақты түрдебайланыста бола отырып, аталған өзгерістердізаңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысып, олардың іс жүзінде орындалуын бақылауымызқажет», – деп түйіндеді сөзін Дана Медеуова.