Бала үшін басталған жанжал: Түркістандағы сауда орталығында екі әйел төбелесті

Видеодан скриншот

Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжал фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала мәліметтер бойынша екі қатысушы арасында жанжал болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жанжал әйелдердің бірі екіншісінің баласын қағып кеткеннен кейін басталған.

Баланың анасы қызбен сөйлесуге келіп, алдымен оны итерген. Кейін екеуі төбелесіп қалған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді, оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды, - деп жауап берді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.