Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды

ҰОК

Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында диск лақтыру сайысын бесінші орынмен аяқтады.

Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр.

Алтын медальді 68,23 метр нәтижемен мысырлық Яхья Саваби жеңіп алды. Күміс жүлде ямайкалық Камари Кеннедиге (66,31 метр), ал қола медаль чилилік Витторио Горзильяға (56,00 метр) бұйырды.