Елордада 35 жастағы ер адам баласының дүниеге келуін атап өту мақсатында үйлердің арасындағы аумақта отшашу ұйымдастырған, деп хабарлайды Astana TV.
Мерекелік шара барысында пиротехникалық бұйымдардан шыққан қатты дыбыстар тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Аталған азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу фактілері бойынша заң аясында шара қабылданды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.