"Халықтық құрылыс" – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба

фото: info.homsters.kz

«Құрылыс және тағы да құрылыс» – жаңғыру жолына түскен Қазақстанның мызғымас қағидаты, жалпыұлттық ұраны болуға тиіс.

Бұл туралы Президент «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында айтты.

"Ең маңызды мәселе – біз келешек ұрпаққа тұжырымдамалар мен жоспарлар, шетелдегі құнды қағаздарда сақталған, уақыт өткен сайын арзандап бара жатқан қаржыны емес, халыққа қызмет ететін нақты әлеуметтік нысандарды аманат ретінде қалдыруымыз керек. Құрылыспен айналысу – жасампаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылу. Сондықтан «Құрылыс және тағы да құрылыс» деген бір ауыз сөз жаңғыру жолына түскен Қазақстанның мызғымас қағидаты, жалпыұлттық ұраны болуға тиіс", – Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, «Халықтық құрылыс» жұртымызды бір мақсат пен мүддеге біріктіреді, елімізді нағыз өрлеу мен өркендеу жолына бастайды. Осыған орай, алдағы үш жылдың ішінде Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді.

" Арнайы комиссия бұл ауқымды қаражаттың үнемді, жымқырусыз жұмсалуын мұқият бақылауда ұстайды. Қазір бұл Комиссияның құрамын қарап жатырмын. Ең басты талап – мүшелер айқай-шусыз, даңғаза жасамай, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде, тиімді атқаруы керек", – деді Мемлекет басшысы.