Ел бойынша 70 жаңа медициналық нысан және 8 заманауи перинаталдық орталық салынады. Осындай ауқымды бастамалардың бірі елдегі үшінші мегаполисте бой көтермек. Бұл Президенттің Жолдауда жүктеген міндеттің бірі. Ал Шымкенттің таңдалуы бекер емес. Өйткені, туу көрсеткіші жоғары. Шаһардағы бұрынғы перинаталдық орталық 2011 жылы ашылған. Содан бері онда 125 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Сонымен қатар, шамамен 29 мың хирургиялық операция жасалды. Өңірдегі ана мен бала денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған бұл қара шаңырақ үшін жаңа заманауи орталықтың салынуы – үлкен қуаныш дейді ақ халаттылар.
АҚМАРАЛ МҰҚАШЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Заманауи перинаталдық орталықты ашу – ол өте үлкен қарастырылған маңызды мәселе. Бұл баланың да, ананың да денсаулығын қорғауда және қолжетімді медициналық көмекті сапаландыруға бағытталған қадам деп ойлаймыз. Енді бұл бізді заманауи үлгіде жұмыс істеуге ынталандырады және толық мүмкіндік береді. Бұл – өте тамаша шешім болды».
Перинаталды орталық ұжымымен Құрылтай депутаты кездесіп, жолдаудағы негізгі міндеттерді талқылады. Президент денсаулық саласына да айрықша басымдық бергені белгілі. Жалақы көтеріледі, жаңа нысандар салынады. Депутаттың айтуынша, бұл тек медицина саласымен шектелмейтін, тұтас адами капиталды дамытуға бағытталған қадам. {СНХ}
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ең бастысы халықтың арасында осы жолдауды оң қолдап жатқаны және де оны үлкен сеніммен қарап отырғаны бізді қуантып отыр. Себебі біз айтқан мәселелерді осы біз барып түсіндіріп айтқанға көбінесе сұрақ емес, көбінесе ұсыныс айтып жатыр. Бізге алдымен емхана салсын деген мәселелерді де айтып отыр. Сондықтан бізге елдің, халықтың пікірі бізге маңызды деп жатқаны сол.