Ақтауда «AI&DIGITAL MANGYSTAU 2026» форумы өтті

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2026

Ақтауда «AI&Digital MANGYSTAU 2026» форумы өтті. Жиын жас стартаперлер мен IT мамандарына арналды. Өз жобалары мен тың туындыларын таныстыруға 200-ден астам қатысушы жиналған. Олардың қатарында робот құрастырып, цифрлық өнім әзірлеген жас өнертапқыштар да бар. Цифрлы саланы дамытуға арналған форум жайлы тілші тарқатады.

Бірі робот құрастырса, енді бірі тұрмыстағы түйткілді технология көмегімен шешуге тырысты. Ақылды жүйенің тілін меңгерген жастардың тың идеялары мен батыл бастамалары Ақтауда өткен форумда таныстырылды. Мәселен, мына жас өнертапқыштар небәрі бес сағаттың ішінде құны 500 мың теңге болатын робот құрастырған. Ал мына құрылғының доппен жұмыс істеу қабілеті кімді де болмасын таңқалдырмай қоймасы анық. Николай мен оның командасы әзірлеген азық-түлік жеткізу қосымшасы, тапсырысты ірі супермаркеттерден емес, үй маңындағы шағын дүкендерден жеткізеді.

НИКОЛАЙ АБДУРАИМОВ, КОМПАНИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Біз ашып жатқан дүкенде қажетті тауарды аз мөлшерде де тапсырыс беруге болады. Тауарды он минут ішінде оны үйіңізге жеткізіп береді. Дүкен үйге жақын орналасқандықтан, баға да қолжетімді болады.

Маңғаз Маңғыстаудың төрінде өтіп жатқан форумда мұндай жобалар аз емес. Әрбір жаңа технологияның артында – ізденіс, ал әрбір стартаптың негізінде – тың идея жатыр. 

АЙГЕРІМ МАЖТАЙ, «MANGYSTAU HUB» IT-ХАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгін форумға 200-ден астам адам жиналды. Алдымен 10 IT компания өз өнімдері мен стартаптарын таныстырды. Олардың арасында байқау өтеді. Жүлде қоры – 1 миллион теңге. 

Өңірде цифрлы салаға серпін берген жобалар да жетерлік. Медицинадан бастап, құрылысқа дейін жасанды интелект арқылы жүйеленген

НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект саласына үлкен мән беріп келе жатыр.  Болашақта кім қай маман жасанды интеллектіге өзінің ойлаған мақсатын параметрлерін кіргізе алса, сол озады, сол дегеніне жетеді деген ғалымдардың болжамы бар.

Иә, заманның көшінен қалмау үшін технологияны тұтыну аз, оны меңгеріп, дамыту маңызды. Форумда осы бағыттағы өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Жасанды интеллектінің экономикадағы рөлі, цифрлық өнімдердің әлеуеті мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы талқыланды. Ал тәжірибелік сабақтар мен робототехника жарыстары жастардың білімін шыңдап, жаңа белестерге ынталандырары анық.