Шымкенттегі Теріскей шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, зейнеткер қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері баспалдақ арқылы 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады. Өрт дер кезінде сөндірілді. Оқиға орнынан 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Мамандардың мәліметінше, пәтер ішінде 4 шаршы метр аумақта үй заттары жанған.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Аталған оқиғаға байланысты Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.