1 топ мүгедегіне арба құжат жүзінде ғана берілген

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2026

Ақтөбелік бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанға қарайтын әлеуметтік көмекші бөлінбеген. Алтыншы қабатта тұратын қарияға 74 жастағы бауыры ғана қарайласып отыр. Тіпті қол арба қағаз жүзінде ғана берілді деп көрсетіліпті. Бірақ қажетті құрал жеткізілмеген. Аймақтағы тілшіміз мәселені анықтап көрді. 

Ақтөбелік Юрий Камененко - бірінші топтағы мүгедек, өздігінен жүріп-тұра алмайды. Алтыншы қабатта тұратын зейнеткерге 74 жастағы бауыры көмектеседі. Бірақ сыртқа көтеріп шығаруға оның шамасы жетпейді.  Ол әлеуметтік қызметкер бекітуді сұрағанымен, өтініші әзірге орындалмаған. 

ЮРИЙ КАМЕНЕНКО, I ТОП МҮГЕДЕГІ:

«Жүруді армандаймын. Бұрын белсенді едім, футбол да ойнағам, жүгіргенмін.  Дәрігерлер дерттің емделмейтінін айтты. «Мүгедек болып қаласың, деді олар. Қолымыздан келер ештеңе жоқ, ота жасаудың да пайдасы жоқ».


Қарт кісіге қол арбада сұраған. Бірақ жауапты мекемедегілер сіздерге берілген деп шығарып салыпты. Оған өздері таңғалып отыр. 

АЛЕКСАНДР КАМЕНЕНКО, АҒАСЫ:

 « Әлеуметтік қамсыздандыру мекемесіне барғанымда, олар құжаттарды тексеріп, оған мүгедектер арбасы 2 рет берілгенін айтты. Сондай-ақ, жүруге арналған тіреуіш те берілген екен. Құжаттар бойынша бәрі толықтай тапсырылған болып шықты. Бірақ қойылған қол інімдікі емес.  Мен, «бұған кім қол қойған? Бұл анық інімнің қолы емес», дедім. Ал, мүгедектер арбасын оған өзім сатып әпердім, қолымда чегім де бар. Дәріханадан 47 немесе 57 мыңға сатып алғанмын».


Қазіргі таңда ресми орган аталмыш жағдайға қатысты тексеріс жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Дегенмен, қағаз жүзінде көрсетілген көмектің қай бағытта кеткені әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

ГҮЛМИРА СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қазіргі таңда, поставщиктармен хабар ала алмай отырық, өйткені, хабарға шықпайды. Кешеден бері телефон шалып жатырық, поставщиктер хабарға хабарға шықпай жатыр. қазіргі таңда біз хат жазып жатырық. Сол хатқа жауап алғаннан кейін нақты жауабын береміз. Негізі, әлеуметтік портал арқылы бұл кісілер жаңағы Камененко Юрий Владимирович өзі складтан алып кетті деп жазылып тұр.

Ресми орган бұл азаматқа көмекші тағайындау қарастырылмағанын айтты. Себебі оның жалғыз туысы болса да-ағасы бар. Ал Юрий Камененко үшін мүгедектер арбасы жай ғана оңалту құралы емес. Бұл- үйден шығуға, таза ауа жұтуға, қоғаммен араласуға берілетін мүмкіндік. Ал арба 7 жылға 1 рет беріледі екен.