«Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері» атты көрме ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2026

Балалық шақтың мәңгілік шежіресін жасап кеткен қазақ киносының көрнекті өкілі, әйгілі кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматыда «Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының құлагері» атты көрме ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты ұлы режиссердің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың мәдени танымын арттырып, қазақ киносының көрнекті тұлғаларының мұрасын дәріптеу. Келушілер назарына мұрағаттық фотосуреттер, деректі материалдар мен фильмдерінен үзінділер көрсетілді. Ауқымды шара халықаралық ЮНЕСКО ұйымының аясында аталып өтілуде. Мәдени басқосу концерттік бағдарламамен жалғасты. 

МАЙРА ҚАРСАҚБАЕВА, КЕЛІНІ, КИНОПРОДЮСЕР:

Абдулла Қарсақбаевтың басқа режиссерлерге қарағанда ерекшелігі, оның мықтылығы, ол кісі тек қана табиғи талант емес, ол образование алған, сосын халық үшін өмір сүрген, халық үшін жасаған бүкіл жұмысын. Абдулла Қарсақбаевтың киноларын көріп отырып, қазақ тарихының, қазақтың дәстүрінің видеоэнциклопедиясын көруге болады.