Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды
Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Astana TV.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады. Оның финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болмақ.
Айта кетейік, финал 12 қарашада өтеді.