«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басқарма төрағалары ұсталды

ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Елжас Отыншиевті ұстағанын растады, деп хабарлайды Astana TV.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үйлердің жанында дорба-дорба доллардың шашылып жатқаны туралы видео таралған еді. Алғашқы дереккөз бұл ақшаны кабинетке Ұлттық қауіпсіздік комитеті кіріп келгенде, Жақыпов пен Отыншиев кеңсенің терезесінен лақтырып жіберді деген ақпарат тараған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың ұсталғанын растады.

«2026 жылдың 11 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды», - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Қазір істің  мән-жайын анықтауға арналған тергеу жүріп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты жария еткен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Жақыпов 1978  жылы 31 наурызда туған.

2001 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша бітірген. Сол оқу орнында экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2009–2011 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, кейін «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстанның Даму Банкі» сияқты мекемелерде жұмыс істеген. «Самұрық-Қазынаға» 2023 жылдың 3 сәуірінде келген болатын.

Ал Елжас Отыншиев 1986 жылы туған. Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі мен «Самұрық-Қазынада» жұмыс істеген. Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясы 2026 жылғы шілдеде келген.