Павлодарда әйелді өлтіріп, өртеп жіберген қылмыскер сотталды

Павлодарда әйелді өлтіріп, өртеп жіберген қылмыскер сотталды. Сұмдық оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Ақсу қаласында тұратын 41 жастағы әйел қала шетіндегі жылу құбырының жанында өзінің танысымен бірге ішімдік ішкен. Араққа сылқия тойған келіншек жігіттің анасын балағаттап, тіл тигізіпті. Бұған шыдай алмаған ер адам оны жұдырықпен ұрып жыққан. Жерге құлаған әйелді аяусыз тепкілеп өлтірген. Қылмысын жасыру үшін оның үстіне жанармай құйып өрттеп жіберіпті. Сот барысында қылмыскер кінәсін мойындаудан бас тартты. Алайда, жиналған бұлтартпас дәлел, айғақ оның әйелді өлтіргенін растады. Сот қылмыскерге 10 жыл жаза кесті. 

ЖАННА НЫҒЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Пушкарёва Евгений Юрийвичті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.  Жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін. Жәбірленуші тарапқа моралдық шығын ретінде 5 млн. теңге өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.