Қарағандыда 16 жастағы студент қызды зорлаған 5 бозбала 5 жарым жылға сотталды. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін үкім шығарды. Оқиға былтыр 14 - інші ақпанда Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінде болған. Кәмелетке толмаған жәбірленуші өзімен жасты құрбысымен бірге күзет қызметкерлерін алдап түнгі караоке-клубына кірген, онда қыздар үш сағаттан астам уақыт бойы алкогольдік ішімдіктер ішкен. Мас күйде үйлеріне қайтуға қорыққан соң таныстарының ұсынымен күдіктілердің бірінің пәтеріне барған. Ол жәбірленушінің есін жиғызбау мақсатында химиялық заттың буын иіскетеді. Осыдан кейін кәмелетке толмаған 5 жасөспірім алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып қызды зорлаған.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағының санкциясында 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот сотталушылардың қылмыс жасаған кездегі кәмелетке толмаған жасын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Әрбір жасөспірімді кінәлі деп танып, алғашында 7 жыл 7,5 айға бас бостандығынан айырды. Алайда «Рақымшылық туралы» заң қолданылып, жаза мерзімі қысқартылды – нәтижесінде әрқайсысына 5 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыларға 2 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынып, жәбірленушінің пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндіріледі.