Алдағы он жылда елдегі автомобиль және теміржол бойына жаппай ағаш егіледі

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2026

Алдағы он жылда елдегі автомобиль және теміржол бойына жаппай ағаш егіледі. Сондай-ақ, келер жылы республика бойынша 270 миллионнан астам көшет отырғызылып, 40 мың гектар жер көгалдандырылып, тозған алқаптар қалпына келтіріледі. Президент тапсырмасын орындау барысы бүгін Құрылтайдың комитет отырысында талқыланды. Үкімет пен жергілікті әкімдіктер бірлесіп қолға алған «Дала орманы» жобасы аясында өткен жылы 400 гектар аумаққа 5 миллион түп ағаш егілген. Енді бастаманың ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Жоспар бойынша ауылдар мен аудан орталықтарының, ірі қалалардың маңынан арнайы көшет өсіретін саябақтар ашылады. 

ЕРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Орман шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Бірақ дегенмен бұл салада біраз мәселелер бар. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде бұл мәселелердің бәрі көтеріліп жатыр.  Оның ішінде орман алқаптарын өрттен қорғау, орман шаруашылығымен айналысатын питомниктрадың материалдық базасы, сонымен қатар бұл саладағы мамандардың жағдайлары.