Қазақстанда соңғы жеті жылда 655 мыңнан астам білім гранты бөлінді

aikyn.kz

Шәкіртақы соңғы бес жылда кемінде 2 есе, 7 жылдың ішінде 2,5 есе өсті

Елімізде жоғары білімге қолжетімділік өте жоғары деңгейде. Соңғы жеті жылдың ішінде 655 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс аясында гранттар берілді, деп хабарлайды Astana TV.

Осы бағытта 1,5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Оның мәліметінше, шәкіртақылар соңғы бес жылда кемінде 2 есе, 7 жылдың ішінде 2,5 есе өсті. Бұл жұмыстар жалғасын табады.
 

«Шетелдік студенттерге келсек, осыдан 4,5-5 жыл бұрын бастаған стратегиямыз өз нәтижесін көрсетуде. 5 жылдың ішінде 41 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанда оқып жатыр. Бұл – тарихи рекорд. Қазақстан аймақта академиялық хаб ретінде қалыптасты деп толыққанды айта аламыз», – деді спикер баспасөз конференциясында.