Жамбылда 22 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген мәдениет үйі жаңғыртылып жатыр. Жылыту жүйесі мен есік-терезе шатырына дейін түгел жаңарады. Тұрғындар осы мәдениет үйінің мәселесін жиі көтеретін еді. Халық қалады, қаржы бөлінді. Тамыз айында басталған құрылыс желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ. Бұл күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 296 млн теңге. Бүгінде 40 пайызға жуық жұмыс жүргізіліп 83 млн теңге қаржы игерілген.
АБДУЛИН НҰРҒАБЫЛОВ, ҚҰРЫЛЫС МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Желтоқсанның 31не шейін аяқтауымыз қажат. Қазіргі таңда ішкі жұмыстары сыртқы жұмыстары жүріп жатыр. Жылыту жағы почти бітіп қалды. Енді ішкі терезесі Құдай қаласа заказ беріп қойдым 15-20 күнде бітеді түгел есік терезесі. Материалдары өзіміздің қазақстаннан травинтинмен қаптаймыз.
Аудан ортылығындағы тозығы жеткен мәдениет үй жақында жаңа кейіпке енеді. Іші-сырты еденіне дейін тегіс жөнделеді. Сахна мен көрермендер залы да жаңа талаптарға сай жабдықталмақ. Уақытынды аяқтау үшін 50-ден аса жұмысшы жұмылған. Мәдениет ошағы ауданның қоғамдық және мәдени өмірінің жандануына жаңа серпін бермек.
СӘКЕН СЫЗДЫҚОВ, БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Тұрғындар үшін халық үшін үлкен бір қуанышты жаңалық болып жатыр. 22 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген әбден тозығы жеткен ескірген. Төбесінен су кетіп, іші салқындап сондай деңгейге жеткен еді. Бүгінге қайта жаңғырылып, қайтадан жөндеуден өтіп, аудан тұрғындарына халыққа өз есігін ашатын болады.