Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен III Халықаралық жас ғалымдар конгресі өтті

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2026

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен III Халықаралық жас ғалымдар конгресі өтті. Халықаралық жиын отандық ғылымның дамуы мен жас зерттеушілердің елдің зияткерлік әлеуетін арттырудағы рөлін талқылайтын маңызды алаңға айналды. 

 Ұлттық ғылым академиясында өткен жиынға 35-тен астам елден мыңнан аса зерттеуші қатысты. Биылғы конгресс тәуелсіздіктің 35 жылдығы мен Академияның 80 жылдығына арналды. Басқосуда жас ғалымдарды қолдау, ғылыми жобаларды өндіріске енгізу және халықаралық ынтымақтастық мәселелері көтерілді.

ҚУАНЫШ ТАСТАМБЕК, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жас ғалымдарға арналған жеке гранттар. Ол PhD-ді бітіріп, бірақ қорғамаса, олар қатыса алады. Немесе PhD-ді енді бітіріп, үлкен ғылыми жолына түскен жас ғалымдарға жақсы мүмкіндік өздеріне арнайы берілетін 30 миллионға дейінгі грант қаржыландыру. Одан бөлек жас ғалымдардың өзіне қорғаудан кейін 90 миллионға дейінгі гранттық жобалар бар.

Жас зерттеушілердің негізгі бағыттарының бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру. Конгресс аясындағы форумда жаңа технологияларды әр салада қолдану жолдары талқыланды. Сонымен қатар жас ғалымдардың инновациялық жобалары таныстырылды.

ӘСЕЛ ОСПАН, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ BIG DATA КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТ-ЗЕРТТЕУШІСІ:

Бізде журналистерде сұраныстар болған болатын. Олар бір мақала жазу үшін бірнеше алдыңғы мақалаларға шолу жасау керек. Ол ұзақ уақыт алады. Ал біздің көмекшімен ол тек қана бір сұраныс жазу арқылы соңғы бес жылдағы, мысалға, президент жарлығы өзгерістер мен қатысы, барлық сондай жаңалықтарды бірден бір-екі минуттың ішінде кесте түрде жинақтай алады.

2025 жылғы мәлімет бойынша, елімізде 28 мыңнан астам ғалым бар. Оның 48 пайызы – жас ғалымдар. Олар ғылымға батыл қадам басып, өз зерттеулерімен ел алдында тұрған міндеттерді шешуге атсалысуда.