Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өз күшін сақтайды және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады, деп хабарлайды Astana TV.
Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатыр.
Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді.
«Самұрық-Қазына» АҚ өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растайды.