Қарағанды облысында Топар электр станциясының үшінші кезеңінің құрылысы салынады. Станцияның үшінші кезегін салу жоспарланып отыр. Жоба аясында екі жаңа турбоагрегат пен екі қазандық агрегат орнатылады. Нәтижесінде электр қуаты 260 мегаваттқа ұлғаймақ. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталып, 2031 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба толық іске қосылғанда станцияның жалпы қуаты 773-тен 1033 мегаваттқа дейін жетеді. Құрылыс кезінде екі мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Ал станция іске қосылған соң 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай- ақ электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға және өңірдің өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Станцияның қазіргі өндірісінің үштен бір бөлігін құрайтын қосымша қуаттың жартысы ортақ энергия желісіне жіберілетін болады. Қосымша қуат облыс экономикасын одан әрі дамыту үшін қажет. Жаңғырту стансаның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаға кері әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдана отырып, қазақстандық көмірдің орасан зор қорын тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Өз тарапымыздан біз білікті кадрлар даярлау және саланы дамыту мәселелерінде қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы міндеттерді іске асыруды бақылауда ұстаймыз.