Биыл ұлттық валютамыздың айналымға енгеніне 33 жыл толады

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2026

Биыл ұлттық валютамыздың айналымға енгеніне 33 жыл толады. Теңгенің мәртебесі Конституцияда ресми түрде бекітілген болатын. Ұлттық банк мамандары жаңа банкноталар үшін «Сақ стилі» сериясын әзірледі. Бұл дизайн көне дәуір өнері мен тарихтың терең тұстарына негізделген. Банкноталарда «Алтын адам» киімі мен көне өрнектер шебер бейнеленді. Жаңа серия 500 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі алты номиналды қамтиды. 

САНЖАР НҰРҚАСЫМОВ, ҚҰБ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША АЙНАЛЫСЫ ДЕПАРТМЕНТІ ЖОБАСЫНЫҢ БАС ДИЗАЙНЕР-МАМАНЫ:

Серияны әзірлеу кезінде Кемел Ақышев, Зайнолла Самашев пен Виктор Зайберт бастаған және көптеген отандық археологтар мен ғалымдардың еңбегін зерделедік. Көне археологиялық олжалар бізге келешек заманауи дизайнға негіз болатын образдарды дұрыс таңдап, олардың мәнін терең түсінуге жол ашты.