Ақсуда әйелді өлтіріп, мәйітін өртемек болған ер адам 10 жылға сотталды

depositphotos.com

17 сәуірде ер адам мен әйел қала шетіндегі жылу магистралі құбырларының маңында бірге ішімдік ішкен. Сот мәліметінше, отырыс кезінде әйел ер адамның марқұм анасын балағаттағаннан кейін екеуінің арасында жанжал туындаған, деп хабарлайды  Astana TV. Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Алдымен ер адам әйелдің бетінен жұдырықпен ұрып, кейін денесіне бірнеше рет аяқпен тепкен. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

Осыдан кейін ер адам үйіне барып, солярка алып келген. Ол марқұмның киімін шешіп, денесіне жанармай құйып, қылмыс ізін жасыру мақсатында өртеп жіберген.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ сотталған азаматтан жәбірленуші тараптың пайдасына 5,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндірілді.