Жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізуші қаза тапты

Фото: pixabay

Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі ағашқа соғылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.

Қарағанды облысы полиция департаментінің ақпаратынша, алдын ала болжам бойынша, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі қозғалыс кезінде кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып, ағашқа соғылған.

Апат кезінде автобуста шамамен 15 жолаушы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.